Таразда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ7 5 сәуірде сағат 11:00-13:00 аралығында Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесінде «Байтал – Антитеррор – 2022» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб.

Мәмбет батыр көшесінің бойында көлік қозғалысы шектеледі.

Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының төтенше жағдайларды жою және шартты терроризм актісінің жолын кесу, сондай-ақ оның зардаптарын барынша азайту және жою міндеттерін орындау бойынша практикалық дағдыларын дамыту, – делінген Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб хабарламасында.

Тұрғындардан өткізіліп жатқан лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарау, қауіпсіздік шараларын сақтау және мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау сұралады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы