Таразда құрылыс материалдары дүкені өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың 12 қаңтарында 00 сағат 4 минутта диспетчерлік қызметінің 101 пультіне Тараз қаласындағы Ташкент көшесіндегі екі қабатты «ЭлектроСтрой» құрылыс материалдары дүкенінде («Строймаркет Бурмакс») өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 


Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі 11 минутта оқиға орнына жетті. Өрт ауданы 200 шаршы метрді құрады. Өрт оқиғасы орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге 5 су оқпаны қолданылып, 4 газ-түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды. Өрт 00 сағат 40 минутта ауыздықталып, 01 сағат 47 минутта толықтай сөндірілді, - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 50 қызметкер және 10 арнайы техника жұмылдырылды.  Өрт салдарынан қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығыны анықталуда. 


ТЖД сауда объектілерінің иелерінен сауда кәсіпорнын пайдалану барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды естен шығармауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы