3 Қазан 2024 2024, 08:30 Фото: gov.kz

Таразда көпбалалы аналар марапатталды

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің қатысуымен көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқаларды табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінде көне шаһар – Тараз тұрғындарының саны артып келеді. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде. Бұл – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Осыған орай көпбалалы аналарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Мұның барлығы сіздерге жасалып жатқан қамқорлықтың бір көрінісі, – деген шаһар басшысы 5 анаға «Алтын», 24 анаға «Күміс» алқаларын табыс етті.

Марапат иелері де өз кезегінде қала басшылығына алғыс білдірді.
Жалпы Тараз қаласы бойынша 2010-2023 жылдар аралығында 2753 анаға «Алтын», 2516 анаға «Күміс» алқа табысталды.