Таразда көлік жөндеу орталығы өртенді

Тараздық құтқарушылар ТҚКС-дағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға түнде қаладағы Сейфуллин көшесінде орын алды. Өрттің салдарынан бір көлік зақымдалды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттін таралуына жол берілмеді.

Өрт шақырылған сәттен бастап 20 минут ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Жол көлігінде ТЖ орын алған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы