Кеше 2026, 22:24 Фото: istockphoto.com

Таразда көлік ашық люкке соғылған: Кәсіпорын көлік иесіне өтемақы төлейді

Соттың мәліметінше, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу салдарынан келтірілген залал көлемі 1 млн теңгеден асады.

Тараз қаласында сот коммуналдық кәсіпорынды жол-көлік оқиғасы салдарынан келген шығынды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 2025 жылдың шілде айында болған. Автокөлік жер асты жылу желісіне тиесілі ашық люкке соғылып, қатты зақымданған.

Сот аталған учаскеге «Таразтрансэнерго» кәсіпорны қызмет көрсететінін анықтады. Бұған дейін мекеме бақылау құдығын талапқа сай ұстамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Соттың мәліметінше, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу салдарынан келтірілген залал көлемі 1 млн теңгеден асады.

Сот талап-арызды толық қанағаттандырып, кәсіпорынды 1,1 млн теңге материалдық шығынды, сондай-ақ бағалау, өкілдік қызмет және 171 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік бажды төлеуге міндеттеді.

Айта кетейік, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.