Таразда кәмелет жасқа толмаған қызды тонамақшы болған күдікті ұсталды
Таразда кәмелет жасқа толмаған қызды тонамақшы болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы ПД әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бойынша хабарлайды: ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Тараз қаласы ПБ 1-полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның кәмелет жасқа толмаған қызына күш қолдану арқылы жеке мүлкін ұрламақшы болғанын айтқан.
Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байзақ ауданының 42 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Күдіктінің айтуынша, ол кәмелетке толмағанның құнды затын ұрламақ болған, алайда оқушы айқайлап, көмек сұрай бастаған соң оқиға орнынан бой тасалаған.
Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Аталған дерек бойынша ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) тергеу амалдары басталған. Істің толық мән-жайын анықтау бойынша жан-жақты тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.