Таразда кафенің шатыры өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 қыркүйекте Тараз қаласында Байзақ батыр көшедегі бөлек тұрған жұмыс істемейтін «Мадина» кафесінің шатыры өртенді. Облыстық ТЖД мәліметінше, хабарлама 101 пультіне сағат 01:21-де түскен.
Оқиға орнына тез арада Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің жеке құрамынан 22 адам және 4 бірлдік техника шықты. Кафе ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан болатын. Өрт ауданы 200 шаршы метрді құрады. Дегенмен өрт сөндірушілер өрттің одан әрі жақын тұрған тұрғын үйлерге жайылуына жол бермей, дер кезінде өртті сөндірді, – делінген хабарламада.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Мамандар келтірілген шығын мен өрттің шығу себебін анықтауда.
Жамбыл облысы ТЖД тұрғындарды электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидадаларын сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы