Таразда иісшіл ит күдіктінің үйінен бес келі есірткі тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қарасора – 2021» іс-шарасының аясында облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласында 48 жастағы тұрғынның үйін тексерді. Санкция берілген тінту барысында жалпы салмағы 5 келі 150 грамм кептірілген марихуана тәркіленді. Оны «Теа» атты қызметтік иісшіл ит тапты.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшерде есірткіні заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген, – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А.Жұмабеков.
Күдікті кінәсін мойындады. Ол Тараз қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Польшада еркін күрестен Циолковский мемориалы басталды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы