Таразда III Халықаралық қолөнершілер көрмесі өтеді

Таразда 27-29 қыркүйек күндері дәстүрлі «Тараз – қолөнершілер қаласы» III Халықаралық қолөнершілер көрмесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрмеге еліміздің үздік қолөнершілері, жақын-алыс шетелдерден келген қонақтар, еліміздің мәдениет және өнер саласының майталмандары, колөнершілерді қолдау қорлары мен ұйымдары, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Швейцария, Болгария, Моңғолия, Үндістан мемлекеттерінің қолөнершілері қатысады, - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Үш күн бойы өтетін іс-шара аясында қолөнершілер көрмесі, кәдесый өнімдерін сату жәрмеңкесі, сән топтамаларының көрсетілімі, қолөнер шеберханаларының мастер-класстары, гала-концерт ұйымдастырылады.

Көрменің негізгі бөлігі «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Тараз қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы