Таразда есірткіге қарсы көше билері фестивалі өтті

Таразда "Есірткіге қарсы би" ұранымен би фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы оқушылар сарайының әкімшілігімен және "Нығмет Нұры" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, конкурс ұйымдастырды.

Қатысушылар би бағыттары мен жас санаттары бойынша бірнеше топқа бөлінді: breakdance-junior, hip-hop-kids және junior.

Фестивальде оқушылар эксперименттік хореографияда өз қабілеттерін сынап көріп, бидің әртүрлі заманауи бағыттарымен танысты.

Бишілерді ата-аналар мен жанкүйерлер қолдады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мұндай шығармашылық іс-шаралар оқушыларға демалуға және достық қатынасты сезінуге көмектеседі. Бұл ретте біз ата-аналар мен балалардың назарын нашақорлық мәселесіне аударамыз. Олармен денсаулық пен зиянды тәуелділіксіз өмір туралы маңызды тақырыптарда әңгімелесу барысында біз би, спорт және белсенді әрі салауатты өмір салты жаман әдеттерге ең жақсы балама екенін көрсеткіміз келеді, - деді ПД ЕҚҚІБ бастығының м.а. Асқар Жұмабеков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысы ПД
Өзгелердің жаңалығы