+19

Таразда экс-полицейді өлтірген күдікті ұсталды

Таразда экс-полицейді өлтірген күдікті ұсталды

Таразда бұрынғы полиция қызметкерін өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облыстық полиция департаменті 31 наурыз күні «Жайлау шағын ауданында денесінде жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеді.

Бұл қылмысты ашу үшін арнайы топ құрылып, күдіктінің орналасқан жерін анықтап, ұстау және дәлелдемелерді бекіту бойынша жұмыс жүргізілді. Қазір ер адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп жазылған полиция департаментінің хабарламасында.

Департамент қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын және тергеу барысы полиция басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: архив
Өзгелердің жаңалығы