15 Қазан 2025 2025, 23:57
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Таразда экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланды
Тараз қаласында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен экономикалық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Тараз қаласында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен экономикалық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараға Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, сондай-ақ Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа Салық кодексінің негізгі нормаларын, тарифтік саясаттың ерекшеліктерін, сондай-ақ жанармай мен коммуналдық қызметтерге баға белгілеу қағидаттарын талқылады.
Мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлерге экономикалық саясаттың алдағы бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, бизнесті қолдау шараларына тоқталды.
Кездесу соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алып, ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдірудің жолдары айқындалды.