Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған әйел ұсталды

Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған азаматша ұсталды,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан әйелдер киім дүкенінен бірнеше рет киім-кешек ұрлаған Жуалы ауданының тұрғынын ұстады. Ол алдымен киімдерді ілгіштен шешіп алып, бейнекамераға түспейтін жерге қойған сөмкесіне салып, ұрланған заттарды алып шыққан. 

Кейінірек Шымкент қаласындағы базарлардың біріне апарып сатқаны анықталды. Дүкен иесіне жалпы сомасы 2 млн 5 500 теңге көлемінде шығын келтірілген. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, азаматша уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы