Таразда диаспора өкілдері қазақ тілінде ән шырқады
Облыстық "Ананың әні" байқауында қала мен 10 ауданнан келген 12 қатысушы бақ сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жарысқа өзбек, түрік, дүнген, орыс, күрд, әзірбайжан мен татар ұлтының қыз-келіншектері қатысты. Конкурстың алғашқы кезеңінде қазақтың салт дәстүрінен бейнематериал көрсетті. Кейін мемлекеттік тілде ана туралы ән шырқады. Қатысушылардың арасында домбыра шертетіндер де бар. Жарыс қортындысы бойынша Мойынқұмнан келген орыс қызы Ирина Хасанова жеңімпаз атанды.
Менің әжем болды. Ол мені кішкентай кезімнен өсірген. Өзім анасыз өскен қызбын. Сол себептен осы іс шара өзіме өте жақын. Осы жаққа келген себебім анашыма сағынышымды махаббатымды көрсеткім келді, - деді жарыс жеңімпазы Ирина Хасанова.
Байқаудың маңыздылығы туралы да айтылды.
Мемлекеттің бірлігі тірлігі тұтастығы үшін мемлекеттік тілді осы Қазақстанды мекендейтін барлық этностардың білуі құрметтеуі қажет. Сондықтан бүгінгі аналар кеңесімен кеңесіп бірлесіп өткізіп жатқан мемлекеттік тілді ән арқылы үйренетін жоба "Ананың әні" байқауы осынысымен де маңызды, - деді облыстық "Қоғамдық келісім" КММ басшысы Мүбәрак Жинақбаева.