Таразда биыл 1704 отбасының 8520 адамына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекке мұқтаж, табыстары кедейшілік деңгейінен төмен 1704 отбасының 8520 адамына атаулы әлеуметтік көмек және 985 отбасының 1 жастан 6 жасқа дейінгі 1875 баласына қосымша төлем тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтердің шығыстар бөлігін өтеу үшін аз қамтылған отбасыларына тұрғын үй көмегі тағайындалып төленеді. Тараз қаласы бойынша тұрғын үй көмегін 608 отбасына тағайындалып төленді.

Әлеуметтік көмек алушыларды масылдыққа үйретпеу үшін, өскелең ұрпақты еңбек етуге ынтасын көтеру мақсатында, үнемі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып өткізіледі. Жәрмеңкеде Жқмыспен қамтудың белсенді шаралары ұсынылады, атап айтқанда, жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және тұрақты жұмыс орындары ұсынылады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы