Таразда битум мәселесі шешіліп, жол құрылысы қайта жанданды

Таразда Мәмбет батыр көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жолды жөндеу тұрғындардың көп жылғы сұранысы бойынша қолға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жаз мезгілінде республика бойынша орын алған битум тапшылығы салдарынан жұмыстар тоқтап қалған болатын.

Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда битум мәселесі өз шешімін тапты. Осыған байланысты жол құрылысы қайта жанданды. Бүгінде жолдың негіздемесін төсеу жұмыстары аяқталуда. Бұдан кейін асфальт төсеу басталады.

Мердігер компания жұмысты жеделдету мақсатында қосымша екі асфальт зауытымен келісімшарт жасады. Сонымен қатар қосымша мердігерлер тартылды.

Сонымен қатар Мәмбет батыр, Ташкент көшелерінің ұзындығы 9,45 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жобада.

Жол жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау мақсатында қала әкімдігі тарапынан кешенді шаралар қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы