Таразда бірнеше тұрғын лифт ішінде қалып қойған
Тараз қаласында лифт ішінде бірнеше адам қалып қойғаны туралы хабарлама 112 пультіне түсті. Лифт ішінде мүмкіндігі шектеулі тұрғын да болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жедел жетіп, гидравликалық құралдар мен арнайы жабдықтардың көмегімен есікті ашты. Құтқарушылар төрт тұрғынды эвакуациялады.
Құтқарылғандардың арасында бір әйелге медициналық көмек қажет болып, ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
ТЖМ азаматтарға лифт ішінде қалып қойған жағдайда келесі ережелерді сақтауды ескертеді:
- сабыр сақтап, жақындарыңызды тыныштандыру;
- диспетчерге дереу хабарласу;
- барлық түймелерді қатарынан баспау;
- лифт есігін өз бетіңізше ашуға тырыспау;
- қолжетімді байланыс арналарын пайдалану.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп Зеленскиймен жеке кездесу өткізеді
Өзгелердің жаңалығы