Таразда беташар өткізген тұрғын жазаланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда карантин кезінде беташар өткізген отбасының әрекеті әшкере болды. Олар өңірдегі өршіп тұрған эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Шөлдала тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласына 50-ден астам адам жинап, той өткізген, деп жазады "Хабар24".

Ғаламторда таралған бейнежазбаға қарасақ, қонақтардың ешқайсысы бетперде тақпаған. Жергілікті полицейлер, беташар өткізген 27 жастағы жігітті анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Енді кінәлі тұлғаның ісі сотқа жолданады.

Айта кетейік, аймақтағы қауіпті вирусқа шалдыққандардың басым бөлігі – егде жастағылар. Мұны мамандар осындай жиын-тойлардың көптігімен байланыстырады.
Біздің халық жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсініп отырған жоқ. Отбасылық және басқа да мерекелерді атап өтіп жатқандар көп. Ораза кезінде ауызашар, одан қалды құдалық, туған күн, беташар. Міне, осының бәрі вирус жұқтырғандардың қатарын көбейтуге сеп болып отыр, – дейді облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, Ғазиз Надуев.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы