Таразда бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді

Алдын ала келіп түскен деректерге сәйкес, Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртеніп, оқиға орнына жоғары дабыл белгісімен келіп жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынмен алысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ күштерімен өрт 1000 шаршы метр алаңда сөндірілді.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Тараз қаласында Дурымбетов көшесі бойында жаңадан салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген.

Зардап шеккендер жоқ, оттың шығу себебі анықталуда.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы