26 Шілде 2025 2025, 21:29 Фото: freepik

Таразда бес қабатты тұрғын үй өртенді

Құтқарушылар 20 адамды эвакуациялады

Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел келіп, түтін аумағынан баспалдақ маршымен 20 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Петропавл қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты жатақханада өрт шыққанын жазған едік.