Таразда Баспасөз үйіне Шерхан Мұртазаның есімі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда бірнеше басылым топтасқан Баспасөз үйіне Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның есімі берілді. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазды.

Бұл да бір игі іс болды! Орталықтағы бірнеше басылым топтасқан Баспасөз үйіне Шерхан Мұртазаның аты беріліп, маңдайша ілінді! – деп жазды желі қолданушылары.

Қалам ұстаған жазушы-журналистер үшін бұл көптен күткен игілікті іс еді. 

Өңірдің барша халқы бір-біріне құтты болсын айтысып, шабыт беретін шығармашылық орда деп тілектерін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы