Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда балаға шабуыл жасаған ер адам психиатриялық ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазанда Тараз қаласының полициясына Абай даңғылындағы «Инвиво«» медициналық клиникасының жанында белгісіз азаматтың кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіргені туралы қала тұрғынынан арыз түсті.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының тұрғынын анықтап, полицияға жеткізді. Тергеу барысында күдіктінің психикалық ауытқуы бар екендігі және қазіргі уақытта облыстық психиатриялық ауруханада есепте тұрғаны анықталды.
Кәмелетке толмаған балаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті одан әрі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы