Таразда балабақшада тәрбиеші баланың басын жарақаттады

Таразда тәрбиешінің балаға қол көтерген тағы бір оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға Тараз қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың бірінде болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Тәрбиеші әйелдің көк пакетпен баланың басынан қатты ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Сол сәтте бала басын қолымен ұстап, артқа қарай шегініп кеткені байқалады. Қатты соққыдан баланың басы жарылған. 

Жамбыл облыстық полиция департаменті тәрбиеленушіге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, куәгерлерден жауап алынуда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы балабақшада бүлдіршінді қатыгездікпен соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы