Таразда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Таразда жолаушылар автобусы адам басып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ-ке сілтеме жасап.
Оқиға Төле би даңғылда болған. Полицейлердің алдын-ала болжамы бойынша жүргізуші басқа автобусты басып озбақ болып, оң қапталға шыққан кезде жол жиегінде кетіп бара жатқан адамды жаншып өткен.
Автобустың астында қалған 47 жастағы тұрғын сол жерде жан тапсырды. Полиция жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, Таразда қоғамдық көлік жүргізушілері соңғы бір айда 700-ге жуық ереже бұзған.
Жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі таңда автобус жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды, - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы