Таразда автобус тұрақтағы 10 жеңіл көлікті жайпап өткен
Таразда қоғамдық көлік тұрақта тұрған 10 автокөлікті қағып кетті. Оқиға салдарынан автобус салонында отырған 56 жастағы жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол апаты 4 қаңтар 10:45 шамасында Төле би көшесінде болған.
№56 автобустың 33 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, тұрақта тұрған 10 автокөлікпен соқтығысқан.
Жол апаты кезінде автобуста 10 жолаушы отырған. Оның біреуі – 56 жастағы әйел алған жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған хабарламада.
Автобус жүргізушісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар жасалады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында қар құрсауынан 48 адам эвакуацияланды
Өзгелердің жаңалығы