Таразда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен отырыс өтті

Таразда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен «дөңгелек үстел» отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылдың 1 қыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.  

«Дөңгелек үстел» отырысына «Ауыл» партиясы ЖОФ төрағасы Ерболат Саурықов, облыстық және аудандық мәслихат депутатары, ауылшаруашылығы тауар өндірушілері және қоғам белсенділері қатысты.

Жиында мемлекет басшысының Жолдауында қамтылған ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігі және субсидия бөлу мен оның жұмсалуына бақылауды күшейту секілді маңызды мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел» отырысын партияның Жамбыл облыстық филианының төрағасы Ерболат Саурықов ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде бұл жолғы Жолдауда айтылған әлеуметтік мәселелер көпшіліктің көңілінен шығып отырғанын жеткізді. – Әр жолдауда халықтың игілігіне бағытталған бастамалар көтереліп келді. Ал бұл жолы ерекше, әрі айрықша басымдық беріліп отыр деп ойлаймын. Ұлттық қорға түскен пайданың тең жартысы еліміздегі кәмелеттік жасқа толмаған әрбір баланың есеп шотына аударылатыны, мемлекеттің қазба және өзге де байлықтарын халық шын мәнінде сезіну керектігі жөніндегі бастамалары қуантады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы саласының өркендейтін кезеңінде тұрғанымызды меңзеп, бұл саладағы түйткілдерді шешудің мезгілі жеткендігін сезіп отырмыз. Оны да президент нақты атап өтті. Жалпы алғанда, Жолдау әрбір азаматты қанаттандырып, алға ұмтылуға жетелейді деуге болады. Мұны атқару да билікке, қоғамда мол жауапкершілік екені сөзсіз, - деді Ерболат Байұзақұлы.

Ал партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Аманжол Аманбаев ауылшаруашылығындағы кезек күттірмейтін мәселелерді атап өтті.

 Президенттің медициналық мекемесі жоқ елді мекендер болмайды деген бастамасы өте қатты ұнады. Бұл алыс орналасқан ауылдар үшін олжа. Онымен қоса, проблемалар да жоқ емес. Мәселен, шаруа азаматтар оны жақсы түсінеді. Бізде жанар-жағар май, тұқым, тыңайтқыш жетіспеушілігі айқын көрініс беріп келеді. Бұл шаруа адамының жыл сайын бетпе бет келетін мәселесі. Сол себепті, тұқым шаруашылығын, техникалардың жеткілікті болуына жол ашып, жағдай жасалуы тиіс. Сонда ғана өнім көлемі жеткілікті болады. Ал өнім мол кезде өндірушінің ең маңдай тері ақталады, баға да тұрақты, әрі елге қолжетімді болады, - деп ойын қорытты.

Сонымен қатар, тауар өндіруші азаматтар да үн қосып, пікір алмасты. «Бидайшы» шаруа қожалығының басшысы Бақытжан Жолшыбекұлы бұл салаға цифрландыру енбей, тірлік түзейлмейтінін жеткізді. Оның айтуынша, мұндағы жемқорлықтың да болмауы үшін барлық көрсеткіштер мен есептер ашық арнада цифрландырылып, көрініс беруі тиіс. Сонда ғана өтірік көрсеткіштер, жалған сандар мен жемқорлыққа орын болмайды. Сонымен қатар, су қоймасын салу да күн тәртібіндегі өткір тұрған мәселе екендігін айтты. 

Жиынды қорыта келе, тауар өндіруші азаматтар жолдау шаруашылыққа да тың серпін беруі тиіс деп сенетіндіктерін жеткізді. Ол үшін әрбір азамат әрекетсіз жатпай, ел бошалағы үшін қа қылуға шақырды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы