Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда арықтың ішінен қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тараз қаласы аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның барысында полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 23 қаңтарында қаладағы арықтардың бірінен қапқа оралған арнайы құралдар мен тегіс саңылаулы “Эскорт” атыс қаруы табылды. Аталған қаруға арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тараз қаласы Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы