Таразда 92 жастағы тұрғынның үйінің  қақпасы ұрланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласының полиция бөліміне жергілікті қарт тұрғын жүгінді, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Ол наурыздың 7-сі мен 8-і   аралығында белгісіз тұлғалар оның үйінің қақпасын жасырын ұрлап  кеткені туралы хабарлады. 

Белгісіз адамдар құлыпты бұзып, үйге кіріп, тұрмыстық құралдарын да  алған.  Келтірілген залалдың көлемі  шамамен 70.000 теңгені құрайды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері облыс орталығының 30 және 21 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады. Ұсталған азаматтар кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. 

Күдіктілердің пайда табу мақсатында ұрлық жасағаны анықталды. Сондай-ақ, 21 жастағы ұсталған адамның осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын да сотты болғаны  белгілі болды, - делінген ақпаратта.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не мүлкін тәркілей отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы