Таразда 45 жоба аясында 150-ден аса көше жөнделді

Былтыр Тараз қаласында 45 жоба аясында жалпы ұзындығы 87,5 шақырым құрайтын көше жолдарын орташа жөндеуге жергілікті бюджеттен 3,6 млрд. теңге бөлініп, жұмыстар толығымен аяқталған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ал, биыл жобаға сәйкес шаһарда 130 көше мен 6 жаяу жүргіншілер жолы орташа жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Саңырақ батыр, Шостакович көшелерінде (ұзындығы 5,6 шқ) қайта жаңғырту жұмыстары жүруде. Бұл бағытта өткен жылы 781,3 млн. теңге қарастырылып, қаражат толығымен игерілді. Бұдан өзге, «Бұрыл А,Б,В» тұрғын алқабына 430 млн. теңге бөлініп, бүгінде 15 көшеге асфальт жол жабындысы төселді. Жоба бойынша 33,7 шақырым жолға асфальт жабындысын төсеу (75 көше) қарастырылған.

Ал, «Барысхан» тұрғын алқабына 111,1 млн. теңге қарастырылып, қазіргі таңда 2 көшеге (Қызыл қайнар 2 көшесі және Құрманбетов көшесі) асфальт төселді. Жоба аясында ұзындығы 16,2 шақырым 24 көшеге асфальт жабындысын төсеу қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Тараз қаласы әкімдігі медиа орталығы
Өзгелердің жаңалығы