Таразда 3 жасөспірімге белгісіз біреулер оқ атты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Таразда кәмелетке толмаған 3 бала оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
15 сәуір күні Шөлдала алқабы, Дорожник массивіндегі каналдың жанында 3 автокөлікпен белгісіз адамдар келіп, бірнеше оқушыны қарумен (бытыра оқтар) атып кеткені туралы хабар келіп түсті, - делінген хабарламада.
Тараз қаласының Полиция басқармасына үш кәмелетке толмаған баланың оқ-дәрі (бытыра) жарақатымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайлары тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ, - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.
Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде биологиялық Кремний алқабы қайда құрылуы мүмкін?
Өзгелердің жаңалығы