Таразда 17 млн теңге бюджет қаржысын жымқыру ісі бойынша үкім қайта қаралды

Тараз қаласында пандемия кезінде мектеп оқушыларына қашықтан оқытуға арналған кеңсе техникасын сатып алу барысында орын алған 17 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім қайта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 21 қаңтарда Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы негізінде Тараз қаласының №2 сотының ақтау үкімін жойып, істі Жамбыл облыстық сотына қайта қарауға жіберді.

Нәтижесінде, 2025 жылғы 30 мамырда Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Байзақ ауданы білім бөлімінің бұрынғы басшысы Нұрлан Нуралиевті салғырттық (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бабымен кінәлі деп таныды. Алайда, қылмыстық жауапкершілік мерзімі өтіп кеткендіктен, ол жазадан босатылды.

Ал "BSB Trade&Advertising" ЖШС директоры Бауыржан Темірғали 17 007 036 теңге көлемінде алаяқтық жасады деп танылып (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармақ), оған 5 жылға шартты жаза тағайындалды.

Апелляциялық соттың үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы