Таразда 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді

Таразда «Ұлы дала» шағын ауданында 1200 орындық алғашқы мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

№64 білім ордасы Тараз қаласы «Ұлы дала» шағын ауданындағы алғашқы мемлекеттік мектеп. Бүгінде аталған шағын ауданда 25 мыңнан астам адам қоныстанған. Оның ішінде, мектеп жасындағы 2314 бала бар.

Айта кетейік, бұл білім ошағы өңірімізде жыл басынан бері ел игілігіне берілген 4-ші оқу ошағы. Мектеп құрылысына облыстық бюджеттен 3,1 миллиард теңге бөлінген.

Мұнда лингафон кабинеттері, зертхана, 350 адамға арналған кең акт залы, оқу залы бар кітапхана мен 400 орындық асхана, шеберхана бар. Сондай-ақ, 56 оқу кабинеті интерактивті тақталармен жабдықталған. Мектепте 58 мұғалім сабақ береді.

Аталған ауданда жаңа білім ошағының ашылуы жергілікті тұрғындар үшін көптен күткен қуаныш болды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысумен өткен кездесулерде тұрғындар білім ұясын салу кезек күттірмейтін мәселе екенін айтып, өтініштерін жеткізген еді.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында қазіргі уақытта аталған шағын ауданда 2024 жылы тапсырылуы жоспарланған 4400 оқушыға арналған тағы 3 мектептің құрылысы жүруде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы