Тараздағы жарылыстан екі адам көз жұмды

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Тараздағы көпқабатты тұрғын үйде жарылыс орын алды. 

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, көпқабатты тұрғын үйде газдың жарылуы орын алған. 

Оқыс оқиға Тараздағы 9 шағын ауданның бірінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатында орын алған. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. 

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, жедел жәрдем өкілдері оқиға орнында жұмыс жасап жатыр.

Ақмарал Шағатай

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы