"Тараз Жаңа Әлем" авиакомпаниясының ұшағы өртенді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін сағат 15:31-де "Тараз Жаңа Әлем" авиакомпаниясының АН-2 әуе ұшағы өртенді. Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт болған кезде әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада. 


Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының тергеуі басталды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы