Тараз тұрғынынан екі қап марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Тараздың 42 жастағы тұрғынынан екі қапқа салынған кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі затының жалпы салмағы 23 келіден астам. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Тараз қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрғындардың арызы бойынша жол сапасы тексерілді
Өзгелердің жаңалығы