Таразда QIWI терминалдарына қышқыл құйған қаскөй ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың 26 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаментіне "Т.Мобайл" ЖК-нің директоры арызданып келген. Оның айтуынша наурыздың 13 мен 25 аралығында облыс орталығындағы 16 QIWI терминалына белгісіз адам қасақана қышқыл (кислота) құйып, істен шығарған. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Материалдық шығынның жалпы көлемі 4 млн теңгені құраған.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында Жамбыл облысы ПД-нің қылмыстық полиция қызметкерлері бірнеше сағаттың ішінде 35 жастағы тараз тұғынын ұстаған. Күдікті өз кінәсін мойындап түсінік берген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 202 бабының 1 –тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы