Тараз қаласының мектептерінде сейсмикалық жаттығулар жалғасуда
Тараз қаласының мектептерінде сейсмикалық жаттығулар жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ағымдағы жылдың 29 қаңтарында № 3 мектеп-лицейінде Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағымен және Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлерімен бірлесіп оқушылардың, мұғалімдердің және оқу орны қызметкерлерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау, сондай-ақ оларды эвакуациялау бойынша іс-шара өткізді.
Атап айтқанда төмендегі іс-шаралар өткізілді:
- дабыл белгісін бергеннен кейін бірінші қабатта сабақта отырған оқушылар ғимараттан шығып, екінші және үшінші қабаттардағы оқушылар ішкі қабырғалардың жанында, бұрышта, есіктерде, тірек бағандарының жанында неғұрлым қауіпсіз жерлерге тұрады. Бірнеше минуттан кейін оқушылар мен жоғарғы қабаттардағы мектеп қызметкерлері баспалдақпен жүріп, қабырға бойымен қозғалып, далаға шығады. Мектеп басшылығы оқушылардың қауіпсіз аймаққа уақтылы шығарылуын қадағалап, сапқа тұрғызды.
Сынып жетекшілері барлық оқушылардың тізімін тексерді, АӘД мұғалімі бүкіл ғимаратты қарап шығып, азаматтық қорғаныс бастығына ғимараттың ішінде адам қалмағандығын, барлық оқушылар мен қызметкерлер қауіпсіз аймаққа шыққанын хабарлады. Саптық тексеру барысында оқушылар мен қызметкерлердің жер сілкінісі кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді, мектептің медицина қызметкерлері жарақат алғандарға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістерін көрнекі түрде көрсетті.
Оқушылар мен мұғалімдерге жер сілкінісі кезіндегі сақталуы тиіс тәртіп ережелері туралы жаднамалар таратылды.