Тараз қаласының әкімі қызметінен кетті
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жазды.
Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Сенім артылған соң, еліміздің кез келген өңірінде мемлекеттік саясатты іске асыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Алайда, сол міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Сондықтан, мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесіне өттім, - деп жазды ол.
Сонымен қатар, Ержан Жылқыбаев әріптестеріне алғыс білдіріп, аяқталмай қалған жобалар үшін шаһар тұрғындарынан кешірім сұрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ХҚКО ғимараттарының алдында велотұрақ пайда болды
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы