Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Грузиядан экстрадицияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау рәсімі жүзеге асырылып жатыр.
Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті ҚК-нің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялаған болатын.
Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен және ІІМ Интерпол ҰОБ – мен бірлесіп К.А.Сарытай Грузия аумағында ұстап, қамауға алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртауда Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы