Тараз металлургия зауытында трансформатордан өрт шықты

Тараз металлургия зауытында оқыс оқиға орын алды. Өрт сөндірушілер металлургия зауытындағы от шыққан трансформаторды сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін түнде Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатор жанды.

Өрт сөндіру жұмысын трансформатордың багындағы 60 тонна май қиындатты.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында тілсіз жау жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына таралмады.

Жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыды.

ТЖМ күш-құралдары отты сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы