Тараз маңында жерге жасырылған қару-жарақ табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақты тапты, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгісіз адамдар 8 бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, 1 граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтықты және 1 дана пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Қалметов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы