«Тараз» клбуының бас бапкері тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Тараз» футбол клубының бапкерлік штабы жасақталды. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлады.
Бас бапкер болып, 53 жастағы қазақстандық маман Сергей Тагиев тағайындалған. Ол бұл қызметті 2003 және 2006-2007 жылдары атқарған. Былтыр «Тараздың» жастар құрамасын жаттықтырды.
Ол сонымен қатар «Жетісу» мен Қазақстан жасөспірімдер құрамасында еңбек еткен.
Бас бапкердің ассистенті ретінде 40 жастағы Александр Кучма таңдалды. Физикалық дайындыққа 38 жастағы маман Самат Наурызбаев тағайындалды. Қақпашыларға 36 жастағы Арслан Сатыбалды жауап береді. Бапкерлер штабы толықтай Жамбыл футболының түлектері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да аязды күні жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы