Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
Қазақтан сейсмологтары жер сілкінісін тіркеді; Тараз бен Шымкентте шамамен 2 баллдық дүмпу сезілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының сейсмикалық станция желісі 6 желтоқсанда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 2:04-те жер сілкінісін тіркеді, - делінген хабарламада.
Эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырым жерде, Өзбекстанда орналасқан.
Тараз бен Шымкентте шамамен 2 балдық қарқындылық болды.
Құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, – деп қосты министрлік.
Сонымен қатар, Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық мониторинг орталығы жер сілкінісінің эпицентрі Наманган облысының Пап ауданында болғанын хабарлады. Тереңдігі 17 шақырым, магнитудасы 4,5 болды. Эпицентрдегі жер сілкінісінің қуаты 5 баллды құрады.
Эпицентрден Ташкентке дейінгі қашықтық оңтүстік-шығысқа қарай 135 шақырым жерде болды.
Өзбекстандағы жер сілкінісінің қуаты:
Наманган облысы - 3 балл, эпицентрден 77 шақырым;
Ферғана облысы - 2-3 балл, 104 шақырым;
Әндіжан облысы - 2 балл, 129 шақырым;
Ташкент - 2 балл, 135 шақырым;
Сырдария облысы - 2 балл, 173 шақырым.