Тараз бен Ежелгі Олимпия бауырлас қала атанды
Тараз Олимпиада ойындарының отаны ежелгі Олимпиямен бауырлас қала атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараз Олимпиада ойындарының отаны ежелгі Олимпиямен бауырлас қала атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ерекше қарым-қатынас туралы хаттамаға қос шаһардың басшылары қол қойды. Салтанатты шара Герейон ғибадатханасының алдында өтті. Дәл осы жерде әр 2 жыл сайын Олимпиада алауын жағу рәсімі өтеді. Игі іс Грекиядағы Қазақстан елшілігі мен Қазақ-грек әскерлік кеңесінің бастамасымен қолға алынған. Мақсат – аймақтық ынтымақтастықты дамыту. Енді Тараз бен Ежелгі Олимпия мәдениет, білім, спорт және туризм салаларында серіктестікті арттыруға ниетті. Сауда-экономикалық байланыстарды да күшейту көзделіп отыр. Тараз қаласы әкімі бастаған делегация сапар барысында грек тарапымен бірақтар жобаларды талқылады.
Бүгін – Грекия мен Қазақстан үшін ерекше маңызды күн. Тараздың 2 мың жылдан астам бай тарихы бар. Шаһар – Ежелгі Олимпия қаласы сияқты Еуропа мен Азия халықтары мен мәдениеттері түйіскен жері. Бұл – біздің қалаларымыздың ерекшелігі мен артықшылығы. Қос шаһар арасында мәдени және іскерлік байланыстар артып, туризм саласындағы ынтымақтастық күшейетініне сенімдімін, – деді Ежелгі Олимпия қаласының мэрі Георгиос Георгиопулус.
Қазіргі таңда Тараз қаласы АҚШ-тағы Фресно, ресейлік Челябинск, Өзбекстандағы Самарқанд, Қытайдың Сиань және тағы басқа шаһарлармен бауырластық орнатқан. Ынтымақтастықты жан-жақты дамытып жатыр. Енді міне олардың қатарына Ежелгі Олимпия қаласы қосылып отыр. Бұл – тарихи оқиға. Біздің көп жоспарымыз бар. Олар қос шаһар арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған, – деді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков.