"Тарақан қосылған тамақ": Талдықорған балабақшасында жанжал шықты

Жетісу облысындағы балабақшаның бірінен түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, қоғамдық резонанс тудырды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Кадрларда Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде балаларға берілген, тамақ көрсетілген және бәліш пен басқа да тағамдардың арасында тарақандар жүргені байқалады.

Осыған байланысты Талдықорған қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жауап берді.

Аталған балабақшаға тексеріс жүргізу үшін Жетісу облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің департаментінде жоспардан тыс тексеріс тіркелді, – делінген хабарламада.

Тексеріс қорытындысы бойынша жауапты адамдарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолданылмақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы