Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданының атауын Бейімбет Майлин ауданына өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы