Шымкентте тапсырыспен адам өлтірген қаскөй ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлады Шымкент қаласының ПД-нің баспасөз қызметі.

7 қыркүйек күні Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы жылдың 19 шілдесінде кәсіпкерді өз үйінің маңында тапсырыспен өлтірген күдіктіні ұстады.

Сот санкциясымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу барысында қылмыс серіктесінің тапсырысымен жасалғаны, ол өз кезегінде ортақ фирманың бюджетінен ірі мөлшердегі ақшаны өз пайдасына жаратқаны анықталды.

"Қылмысқа тапсырыс беруші биылғы жылдың 25 шілдесінде ұсталып, кінәсін толық мойындады. Бүгінгі таңда ол абақтыда", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы