Танзанияда президент сайлауында тағы да әйел адам жеңіске жетті

Танзанияның қазіргі президенті Самия Сулуху Хасан мемлекет басшысы сайлауында жеңіске жетіп, 97,66 пайыз дауыс жинады. Бұл туралы елдің Тәуелсіз ұлттық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазады BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша Самия Сулуху Хасан Танзания тарихында президенттікке екі рет сайланған алғашқы әйел атанды. Ол алғаш рет 2021 жылдың наурызында елдің сол кездегі президенті Джон Магуфули жүрек-қантамыр ауруынан қайтыс болғаннан кейін, вице-президент ретінде оның орнына келген еді. Бұған дейін ел тарихында жоғарғы билік тек ер адамдардың қолында болған.

Жалпыұлттық сайлау сәрсенбі күні өтті. Алайда дауыс беру процесі бірнеше күнге созылған жаппай наразылықтармен қатар жүрді.

Бес жыл сайын өтетін бұл сайлауда танзаниялықтар президентпен бірге парламент депутаттарын және жергілікті кеңес мүшелерін де сайлады. Биылғы сайлауға 17 партия өз үміткерін мемлекет басшысы лауазымына ұсынса, 18 партия парламент пен жергілікті кеңестерге қатысуға ниет білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы