Танзанияда көшкін салдарынан жиырмадан астам шахтер көз жұмды
Танзанияда көшкін жүріп, салдарынан жиырмадан астам шахтер көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ Франс пресс агенттігіне сілтеме жасап.
Танзания президенті Самия Сулуху Хассан елдің солтүстігіндегі апат кем дегенде 21 шахтердің өмірін жалмады деп отыр.
Симию аймағындағы Нгалита шахтасындағы көшкіннен соң 21-ден астам адамның қаза тапқаны туралы хабарлама алдым, - деді президент.
Сондай-ақ мемлекет басшысы құтқару қызметі жергілікті билікпен бірге көшкіннің астында қалып, қаза болғандардың денесін іздеумен айналысып жатқандарын жеткізді.
Өкінішке қарай, тірі қалуы мүмкін адамдардың бар екендігі туралы болжам жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәжіліс депутаттары қостанайлықтармен кездесті
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы