Танзанияда бензовоз жарылысынан қаза тапқандар саны 95-ке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танзанияда бензовоз жарылуы салдарынан қаза тапқандар саны 95-ке жетті.

Танзанияның шығысындағы Морогоро қаласында жанармай тасымалдайтын көліктің жарылуы салдарынан қайтыс болғандар саны артты. Көп адамды қатты күйік шалған.   Бұл туралы медициналық дереккөздерге сілтеме жасап, AFP  хабарлады. 

Дәрігерлердің ақпаратына қарағанда, ауруханада тағы бірнеше адам қайтыс болған. Мұнымен қоса, зардап шеккендердің көбі ауруханадан шыққан.

10 тамызда Морогорода бензовоз аударылып, ішіндегі жанармай төгілген. Содан соң жарылыс болған.

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдайға көліктің қасында ер адамның темекі шегуі себеп болған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы